Шыны композитті жүйелі профильді полимерлік арматура


Шыны композитті жүйелі профильді полимерлік арматура - «Plast Invest Production» ЖШС қызметінің жаңа бағыты. Ол құрылыстағы дәстүрлі металл арматураға балама. Біздің компания шыны композитті полимерлік арматура (ӘКП) шығарумен айналысады.

Ол диаметрі 10-15 мкм үздіксіз шыны талшықтар (ровинга) мен осы талшықтарды байланыстыратын термореактивті синтетикалық шайырдан құралған жоғары төзімді тұтас өзек. Шыны талшықтан жасалған композитті арматура 4 мм бастап 18 мм дейін кесіндімен жасалады. Өтінім бойынша бейметалл арматура мұнан да үлкен диаметрмен жасалуы мүмкін. Құрылыс жұмыстарының жоспары мен нысанға жеткізу қолайлылығына қарай, ӘКП шыны пластикалық арматураны кез-келген ұзындықтағы кесінді ретінде (стандартты ұзындығы 6 немесе 12 м) ретінде, сонымен қатар 100 м орам (Ø 10 мм дейін) немесе өтінім бойынша басқа да ұзындықта сатып алуға болады.

Шыны композитті жүйелі профильді полимерлік арматура өндірісі жоғары технологияларды қолдану арқылы іске асырылады, және заманауи сапа стандарттарына сай келеді. Шыны композитті арматура біркелкі төселген шиыршық бедерлілігі бар сыртқы диаметрі 4 мм ден 20 мм дейін жететін шыны пластикалық өзек түрінде жасалады. Құрылыста ұзындығы әрқилы болады. Үй мен ғимараттарды салу кезінде, және де түрлі жөндеу жұмыстарында қолданылатын әр түрлі құрылыс композитті материалдардың ішінде көптеген жақсы қасиеттерімен сипатталатын шыны композитті арматураны атап өтуге тиіспіз.

Шыны пластикадан жасалған композитті арматураның танымалдығы бірнеше себептермен түсіндіріледі:

  • коррозия процесіне жоғары төзімділігі
  • ұзақ қызмет мерзімі
  • температураның ауысуына жақсы шыдамдылығы, сонымен қатар, суыққа ерекше төзімділігі
  • пластикалық арматура электр өткізбейді және магниттелмейді
  • композитті шыны арматураның жеңілдігін де атап кеткен жөн, бұл жеңіл әрі берік құрылыс ғимаратының салынуына кепілдік береді, және тасымалдау, тиеу мен түсіру, қоймаға жинау мен сақтауда шығындарды азайту мақсатында құрылыс кезінде айтарлықтай тиімділікті қамтамасыз етеді

Артықшылықтары:

  • Төмен жылу өткізгіштігі, суықты өткізбейді
  • Жоғары коррозиялық және химиялық төзімділігі
  • Төмен тығыздық, бірдей диаметрлі металл арматурадан 3,5 есе жеңіл және 2,5 еса берік
  • Жөндеудің қолайлылығы
  • Экономиклық мақсаттылығы
  • 3 есе берік
  • Бұзылуға беріктік А ІІІ тобындағы болат арматураның беріктік сипаттамасынан 3 есе жоғары
  • 9 есе жеңіл
  • Тең беріктікте композитті арматура металл арматурадан 9 есе жеңіл, бұл темір бетон жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек шығынын айтарлықтай азайтады
  • Коррозияға төзімділік
  • Арматура көптеген ауа-райының қатаңдығында коррозиялық әсерге төзімді келеді
  • Бейөткізгіш
  • Арматура диамагнитті және диэлектрлі қасиеттерге ие, бұл оның аурухана, әуежай, радиолокациялық станциялар секілді ғимараттар мен құрылыстарда қолданылуына мүмкіндік береді
  • Үнемді
  • металл арматураға қарағанда диаметрі аз композитті арматура қолдану арқылы, және де тасымалда үнемділік есебінен экономикалық нәтижеге қол жеткізіледі

Композитті арматураны қай жерде пайдалануға болады?

  • Өнеркәсіптік, азаматтық, жол және басқа құрылыстардың қауырт емес және қауырталды құрылыс пен жөндеуінде
  • Бетонның (сонымен қатар, жеңіл, ауыр, ұсақ түйірлі, ұялы) түрлі түрінен жасалған құрылымдардың құрылысы мен жөндеуінде
  • Гипс ұстастырғыш материалдар негізіндегі құрылымдардың құрылысы мен жөндеуінде
  • Автокөлік жолы, құлама жар, тірек қабырғалар құрылымын жасау мен жөндеуде
  • Икемді байланысты жасауда, жылылықты сақтау үшін дюбелей, түрлі құрылымдарды бекіту үшін торлар мен біліктерде.

Бейметалл арматураның болат арматурадан артықшылығы қандай?

  • Композитті арматура болаттан жасалған арматурадан 2,5 есе берік (композитті материалдың беріктік шегі 1100 МПа құрайды, ал арматураны жасайтын болат үшін 390 МПа)
  • Сонымен бірге композитті арматураның тығыздығы болаттан 4 есе аз. Бұл бірдей тығыздықта бейметалл ғимарат қаңқасының салмағы қарапайым арматуралық бұйымнан жасалған қаңқадан 10 есе аз болатынын білдіреді.
  • Шыны композитті арматура мүлде коррозияға ұшырамайды. Мұндай арматураны кез-келген ауа-райы жағдайында (-70 тен +100 °C дейін) қолдануға болады және ол өзінің қасиеттерін сақтап қалады.
  • Бұдан бөтен, бейметалл арматура химиялық әсерлерге қарсы тұра алады. Сондықтан оны тіпті теңіз суында да қолдануға болады, бұл жағдайда да қолдану мерзімі өзгеріссіз қалады.
  • Бейметалл арматураны жасайтын композитті материалдардың жылылық үлкею коэффициенті бетондікіне тең. Бұл ауа-райының өзгерісі кезінде сызат түсуін болдырмайды. Жалпы композитті арматураны қолдану бетоннан салынған құрылыстардың қызмет мерзімін 3-4 есе арттырады.
  • Бейметалл арматураның жылу өткізгіштігі болаттан жасалған баламасынан 100 есе аз. Сол себепті композитті арматураны қолдана отырып салынған ғимараттар жылуды әлдеқайда жақсы сақтайды
  • Сонымен қатар композитті арматура әуежай, аурухана мен басқа арнайы ғимарат құрылысында таптырмас материал болып табылады, себебі ол магниттелмейді және электр тогын өткізбейді.
  • Шыны композитті арматура орам жүзінде немесе кесінді диаметріне байланысты) түрінде жеткізіледі. Және тапсырысшының талабы бойынша оның өзегі түрлі ұзындықта болуы мүмкін. Композитті материалдың төмен салмағын ескере отыр, бұл факторлар арматураны құрылыс алаңына жеткізуді оңайлатып қана қоймай, сонымен қатар арзандатады
  • Тасымал шығынының төмендегенін ескере отырып, орташа алғанда шыны композитті арматураны пайдалану құрылыс шығынын 2 есе азайтады. Қазіргі таңда, композитті арматура өндірісін максималды түрде арзандату мүмкін болды, бұл оны азаматтық, өнеркәсіптік және құрылыс фирмалары мен жеке тұлғалар тарапынан арнайы құрылыста қолдануда қолжетімді етеді.